Таза мекен таза ниеттен бастау алады 

«Таза Қазақстан» акциясын мен сенбіліктен әлдеқайда ауқымды бастама деп қабылдаймын. Өйткені бұл – қоршаған ортаны тазалаумен қатар, адамның табиғатқа деген көзқарасын өзгертетін жоба.

      Қазір көшеде қоқыс көрсең, бұрынғыдай үнсіз өте салмайсың. Өйткені тазалыққа әркімнің үлесі бар екенін түсіне бастадық. Біздің балаларымыз да сенбіліктерге қатысып, ағаш отырғызудың, ауланы таза ұстаудың маңызын ұғынып келеді. Таза көше – мәдениетті қоғамның айнасы. Сондықтан бұл акцияның ең үлкен жетістігі – адамдардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыра бастағаны. Табиғатты құрметтеу өз үйіңнің табалдырығынан басталады.


                        Ғайни Жамалова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT