Таза мекен – көңілдің көркі

Тазалық – көзге көрінетін тәртіп қана емес, адамның ішкі мәдениетінің айнасы.

Айналамыздың таза болуы әрқайсымыздың қоршаған ортаға деген көзқарасымыздан, жауапкершілігімізден және туған жерге деген құрметімізден көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» акциясының маңызы зор деп ойлаймын.

 

 Бір тал отырғызу, бір түп гүлге күтім жасау, бір қоқысты жерден көтеру – кішкентай іс сияқты көрінгенімен, елге деген үлкен құрметтің белгісі.

 

Туған жердің тазалығы – әр азаматтың қолында. Біздің жасаған әрбір игі ісіміз елдің көркеюіне қосылған үлес деп білемін. Бүгін еккен бір талымыз, тазалаған бір ауламыз, жинаған бір қоқысымыз – ертеңгі ұрпаққа қалдырар жақсы үлгіміз. 

 

                          Алмат Теміржанов 

                 Аудан әкімі аппаратының басшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT