Айналамыздың таза әрі көрікті болуы ең алдымен әр адамның өз әрекетіне байланысты.
Үлкен өзгеріс әрдайым қарапайым қадамнан басталады. Өз аулаңды таза ұстау, қоқысты арнайы жәшікке салу, жасыл желекті бүлдірмеу, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – қоршаған ортаға деген құрметтің нақты көрінісі.
«Таза Қазақстан» бастамасы қоғамды осындай жауапкершілікке шақырып, тазалық пен тәртіпті күнделікті өмір салтына айналдыруды көздейді. Бұл бағыттағы жұмыстарға түрлі мекеме қызметкерлері ғана емес, жастар, еріктілер, тұрғындар және қоғамдық ұйымдар да атсалысуда.
Тазалық сақталған жерде адамның көңіл күйі де көтеріліп, туған жерге деген сүйіспеншілігі арта түседі. Сондықтан өзіміз тұратын елді мекеннің тазалығына бейжай қарамауымыз қажет. Бүгін жасаған әрбір игі ісіміз – ертеңгі ұрпаққа қалатын ортаның қандай болатынын айқындайды.
Д.Жарылғасова



