Мен үшін «Таза Қазақстан» – жай ғана тазалық акциясы емес.
Бұл – өзің тұратын жерге деген құрметтің бір көрінісі. Себебі туған жердің тазалығы мен көркіне бейжай қарамау әр адамның азаматтық жауапкершілігі деп ойлаймын.
Адамдар бірігіп, өз ауласын, көшесін, ауылын тазалағанда, айнала ғана емес, адамдардың көзқарасы да өзгереді. Біреудің жасаған еңбегін көрген адам қоқысын кез келген жерге тастауға ұялады. Осындай қарапайым әдеттер біртіндеп үлкен нәтижеге жеткізеді.
Менің ойымша, Қазақстанның таза болуы тек сенбілік өткізумен шешілмейді. Ең бастысы – тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру. Табиғатқа зиян келтірмеу, қоқысты тиісті орынға тастау, айналаны таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі елге деген сүйіспеншілікті көрсетеді.
Ақылбек Едігеев
Мансап орталығының басшысы



