Бұл акция еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы. Көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, айналаны күтіп ұстау сияқты қарапайым әрекеттер үлкен өзгерістерге бастайды. «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысу арқылы біз туған жеріміздің көркеюіне өз үлесімізді қосамыз. Табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек алдындағы жауапкершілігі. Бірігіп әрекет етсек, Қазақстанымызды одан әрі таза, көрікті әрі жайлы елге айналдыра аламыз.
Жарас Бақтияров



