Таза Қазақстан жаңа болашаққа қадам

 

«Таза Қазақстан» – еліміздің табиғатын қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыратын маңызды бастама. Тазалық – тек әдемілік емес, ол адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің белгісі. Әрқайсымыз өз ауламыздан, өз көшелерімізден тазалықты бастайық! Қоқысты жерге тастамайық, табиғатты ластамайық, ағаштарды сындырмайық және айналамызға қамқор болайық.

Достар, бір-бірімізге үлгі болайық! Табиғатты бірге қорғайық! Таза көшелер, таза аула, таза қала – өз қолымызда! Егер бәріміз бірлесе әрекет етсек, еліміз бұдан да көркейе түседі.

Нұрсұлтан Әлиев

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT