«Таза Қазақстан» туған жерге жанашырлықтың көрінісі

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Елді мекендердің көшелері мен қоғамдық орындары қоқыстан тазартылып, жасыл желектерді күтіп-баптау, ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.

Мұндай игі бастамалар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, туған жердің тазалығын сақтауға үндейді. Таза әрі көрікті аудан – барша тұрғынның ортақ еңбегінің нәтижесі. Сондықтан әр азамат өз ауласынан бастап тазалықты сақтауға үлес қосуы маңызды.

Жандос Сәрсенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT