«Таза Қазақстан» – туған жерге жанашырлықтың белгісі

Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің көркін арттыруға бағытталған маңызды бастамаға айналды.

Акция барысында көшелер мен аулалар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылып, қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Мұндай жұмыстар табиғатты аялауға шақырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Туған жеріміздің таза әрі көрікті болуы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әр адам тазалықты өзінен бастап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуы қажет.

Саламат Идрисов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT