«Таза Қазақстан» дегенді мен кейде бір қарапайым көрініспен елестетемін: көшеде келе жатқан адам жердегі қоқысты байқап, оны үнсіз ғана көтеріп, жәшікке тастайды.
Ешкім көрмесе де, ешкім алғыс айтпаса да…
Меніңше, нағыз тазалық дәл осы жерден басталады.
Тазалық – әкімдіктің, тазалық қызметінің немесе арнайы мамандардың ғана жұмысы емес. Ол – әрқайсымыздың күнделікті әдетіміз. Үйіміздің іші таза болғаны сияқты, тұратын ортамыздың да таза болғанын қаласақ, оған өзіміз үлес қосуымыз керек.
Бір адамның әрекеті – кішкентай ғана қадам. Бірақ мың адамның кішкентай қадамы үлкен өзгеріске айналады.
Бақытгүл Қарамұрзиева
Мансап орталығының маманы



