«Таза Қазақстан» – тазалықтан басталатын тағылым


«Таза Қазақстан» – бұл жай ғана акция емес. Бұл – адамның табиғатпен үндесуі, туған жерге деген құрметінің көрінісі. Себебі тазалық көшеден емес, адамның жүрегі мен санасынан басталады.


Қолыңа бір қап алып, айналаңды тазалау – кішкентай іс болып көрінуі мүмкін. Бірақ дәл осындай қарапайым әрекеттер үлкен өзгерістердің негізін қалайды. Табиғатқа жанашырлық танытқан сайын, өз болашағымызға қамқорлық жасағанымызды түсінеміз.
Мен үшін «Таза Қазақстан» – ертеңгі ұрпаққа қалдыратын ең қымбат мұраның бірі. Жасыл желегі жайқалған, көшесі таза, ауасы мөлдір елде өмір сүру – әр азаматтың арманы ғана емес, ортақ міндеті. Сондықтан бұл бастамаға бір күндік науқан ретінде емес, өмірлік ұстаным ретінде қарауымыз керек.
                     
 Жанар Орынбасарқызы

  «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT