“Таза Қазақстан” акциясы – қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, әр азаматтың бойында туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Табиғаттың тазалығы – баршамызға ортақ құндылық. Сондықтан туған өлкенің көркеюіне үлес қосу әр адамның міндеті деп ойлаймын.
Акция аясында ұйымдастырылып жатқан тазалық жұмыстарына тұрғындардың белсенді қатысуы қуантады. Аулаларды абаттандыру, көшелерді тазалау, ағаш отырғызу сияқты жұмыстар тек сыртқы көріністі жақсартып қана қоймай, адамдарды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Әсіресе жастардың осындай игі бастамаларға атсалысуы – олардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Мен “Таза Қазақстан” акциясын қолдаймын. Бұл – туған жерге деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі. Барша тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуға шақырамын. Бірлігіміз бен ортақ еңбегіміздің арқасында ауданымызды одан әрі көрікті мекенге айналдыра аламыз.
Бауыржан Әбдірахманов
“Жылыой Тазалық” мекемесінің басшысы



