Қоршаған ортаның тазалығы – кез келген қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігін көрсететін маңызды өлшем.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы осы құндылықтарды күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған игі бастамалардың бірі.
Тазалықты сақтау тек сенбілік ұйымдастырып, көшені қоқыстан тазалаумен шектелмеуі керек. Ең бастысы – әр адамның табиғатқа деген көзқарасын өзгерту. Қоқысты кез келген жерге тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, жасыл желекті қорғау – қарапайым көрінгенімен, қоршаған ортаға жасалған үлкен қамқорлық.
Жазира Қуанышқызы, Жылыой ауданы тұрғыны




