Таза Қазақстан – таза болашақ

     Тазалық – тәртіптің ғана емес, мәдениеттің де белгісі.

Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың туған жер алдындағы жауапкершілігі. Осыны негізге алған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы елімізде тазалық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеп келеді. Таза көше, жинақы аула, көрікті мекен – баршаға ортақ міндеттің нәтижесі. Сенбіліктерге қатысып, көшелер мен аулаларды тазалау, ағаш отырғызу, табиғи аумақтарды қорғау сияқты қарапайым істердің өзі елді мекеннің көркеюіне үлкен үлес қосады.

      «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс игі бастама. Себебі бүгінгі тазалық – ертеңгі ұрпаққа қалдырар жақсы үлгі.

 

                                        Алмажай Адалбаева, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT