«Таза Қазақстан» таза болашақ кепілі

«Таза Қазақстан» қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды республикалық бастама.

Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан акция аясында еліміздің түкпір-түкпірінде тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Игі бастама аясында көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, аулаларды ретке келтіру, өзен-көлдер мен табиғи аумақтардың тазалығын сақтау жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қоршаған ортаға жанашырлықты арттыру мақсатында қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлінуде.

Экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бұл акция табиғатты аялауға, туған жердің тазалығын сақтауға үндейтін маңызды қадам. «Таза Қазақстан» — бүгінгі тазалық, ертеңгі ұрпаққа жарқын болашақ!

Ризангүл Атинова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT