«Таза Қазақстан» акциясы арқылы көшелер, саябақтар, өзен-көлдердің жағалауы мен қоғамдық орындар тазартылып, елді мекендердің көркі арта түсуде. Осындай шараларға жастардың, еріктілердің және түрлі ұйымдардың белсенді қатысуы қуантады.
Бұл адамдардың табиғатты аялауға деген көзқарасын өзгертіп, қоғамда тазалық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.
Менің ойымша, тазалық бір күндік сенбілікпен шектелмеуі керек. Әр адам өз үйінің ауласын, жұмыс орнын, демалатын жерін таза ұстап, қоқысты арнайы жәшікке тастап, табиғатқа зиян келтірмеуді әдетке айналдыруы қажет. Егер әрбір азамат осындай қарапайым ережелерді сақтаса, еліміз әлдеқайда таза, көрікті әрі жайлы мекенге айналады.
Мен бұл акцияны толықтай қолдаймын және мүмкіндігінше осындай экологиялық шараларға қатысуға дайынмын. Себебі табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Таза қоршаған орта – халықтың денсаулығының, елдің көркеюінің және жарқын болашағының кепілі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы әрбір азаматтың жүрегінен орын алып, өмір салтына айналуы тиіс деп санаймын.
Нұрайым Садуахасқызы
Жастар ресурстық орталығының маманы



