«Таза Қазақстан» табиғатқа жанашырлықтың белгісі

Ауданымызда жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы — экологиялық мәдениетті дамытуға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған маңызды жоба.

Бастама аясында елді мекендерді тазарту, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды абаттандыру және табиғи аумақтарды қорғау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл — тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, туған жерге деген жанашырлықты қалыптастыратын игі іс.

Таза орта — дені сау қоғамның кепілі. Сондықтан табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау — әрбір азаматтың міндеті.

Бексұлтан Қабыл

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT