Қазіргі таңда қоршаған ортаның тазалығы – барша қоғам үшін маңызды мәселе.
Осы бағытта елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы зор деп ойлаймын. Себебі туған жердің тазалығы тек арнайы қызметкерлерге емес, әрбір азаматқа байланысты.
Акция аясында адамдар сенбіліктерге қатысып, көшелер мен аулаларды тазалап, ағаштар отырғызып, қоғамдық орындарды абаттандыруға атсалысып жүр. Мұндай жұмыстар қаланың көркін жақсартып қана қоймай, адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырады. Менің ойымша, тазалықты бір күндік акция ретінде қабылдамау керек. Қоқысты кез келген жерге тастамау, табиғатты ластамау, айналаны таза ұстау – күнделікті әдетке айналуы қажет. Егер әр адам өз ауласынан бастап тазалыққа көңіл бөлсе, бүкіл еліміздің көркі өзгереді.
Исламбек Құлмурзиев, Жылыой ауданы тұрғыны




