Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады

«Таза Қазақстан» акциясы – еліміз үшін маңызды әрі қажетті бастамалардың бірі.

Себебі тазалық мәселесі кез келген қоғам үшін өзекті. Адамның күнделікті өмір сүретін ортасы таза, жинақы әрі көрікті болса, оның көңіл-күйіне де, өмір сапасына да әсер етеді.

 Мен үшін тазалықтың өлшемі – сенбілікте қанша қап қоқыс жиналғаны емес. Негізгі өлшем – сенбіліктен кейін сол жерге қоқыс тастамау. Ағаш отырғызғаннан кейін оның суын беріп, күтім жасау. Өз аулаңды ғана емес, өзің жүретін көшені де өз үйіңнің бір бөлігі деп қабылдау.

   Бір тал ағаш отырғызған адам бір күндік жұмысты ғана атқармайды. Ол ертеңгі күнге көлеңке қалдырады. Бір бөтелкені жерге тастамаған адам бір ғана орынды емес, қоғамның мәдениетін өзгертеді. Бір адамнан басталған жақсы әдет көпшілікке тараса, ол үлкен өзгеріске айналады. Сондықтан мен «Таза Қазақстанды» «Бір күндік тазалық» емес, «Күнделікті таза өмір салты» деп қабылдаймын.

                                              Абылайхан Тлепиев

                        Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT