ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елімізде қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жобаға айналды.

Бұл бастама тек көшелер мен аулаларды тазалау шарасы ғана емес, ол қоғамның табиғатқа деген көзқарасын өзгертуді көздейтін ауқымды қозғалыс деп білемін.
       Қазіргі таңда экологиялық мәселелер әлемдік деңгейде өзекті болып отыр. Қоршаған ортаның ластануы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жасыл желектің азаюы секілді проблемалар біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Осындай кезде «Таза Қазақстан» акциясының маңызы арта түседі. Акция аясында еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер ұйымдастырылып, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, мыңдаған көшет отырғызылуда. Ең бастысы, бұл жұмыстарға жастардың, еріктілердің және қарапайым тұрғындардың белсенді қатысуы қуантарлық жағдай. Туған жердің тазалығы ең алдымен әр азаматтың өзінен басталуы керек. Егер әркім өз ауласын, өз көшесін таза ұстаса, бүкіл елдің келбеті өзгереді. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы уақытша науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.

                                  Сәндігүл Иванқызы, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT