Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ міндеті

Қоршаған ортаның тазалығы – қоғам денсаулығы мен ел болашағының кепілі. Соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.

Бұл бастама тек көшелер мен саябақтарды тазалаумен шектелмей, азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бүгінде қоршаған ортаның ластануы жаһандық мәселеге айналып отыр. Сондықтан табиғатты қорғау ісіне әрбір азамат өз үлесін қосуы қажет. Қоқысты арнайы орындарға тастау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаға оң әсер етеді.
        «Таза Қазақстан» акциясы халықты бірлікке шақырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Таза орта – мәдениетті қоғамның белгісі. Сондықтан табиғатты қорғау әрқайсымыздың күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс.

                                            Жанболат Бекмұратов, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT