«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің көркеюіне бағытталған маңызды бастама деп ойлаймын. Себебі тазалық бар жерде тәртіп те, жайлылық та болады. Айналамыздың таза болуы адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді.
Бұл акция халықты қоршаған ортаны құрметтеуге, табиғатты қорғауға шақырады. Көшелерді, аулаларды, саябақтарды тазалау арқылы біз туған жерімізге деген сүйіспеншілігімізді көрсетеміз. Осындай шаралар жастарға жақсы үлгі болып, жауапкершілік сезімін арттырады.
Менің ойымша, тазалықты сақтау тек арнайы акция кезінде ғана емес, күн сайын орындалуы тиіс. Егер әр адам өзінен бастаса, еліміз одан әрі таза әрі әдемі бола түседі.
Жылыой аудандық «Жастар ресурстық» орталығының басшысы
Дана Баймағамбетова


