Тазалық мәдениеттің, жауапкершілікті және туған жерге деген құрметтің белгісі. Бүгінде елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді көркейтуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамаға айналды.
Акция барысында көшелер тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтіріліп, ағаштар отырғызылуда. Осындай игі істер табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, тұрғындарды ұқыптылыққа әрі тазалықты сақтауға үндейді.Таза орта дені сау қоғамның кепілі. Сондықтан табиғатты қорғау мен айналаны таза ұстау баршамызға ортақ міндет.
Мансия Сағиқызы


