Таза Қазақстан – әр азаматтың борышы

 Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясы — қоғамға өте қажет бастамалардың бірі. Қазіргі таңда қоршаған ортаның тазалығы үлкен мәселеге айналып отыр.

Көшеде немесе табиғат аясында қоқыс тастайтын адамдар әлі де кездеседі. Сондықтан осындай акциялар халыққа тазалықтың маңызын түсіндіруге көмектеседі.

 Таза ортада өмір сүру адамның денсаулығына да, көңіл күйіне де жақсы әсер етеді. Әдемі әрі таза көше адамға қуаныш сыйлайды. Меніңше, тазалық тек арнайы акция кезінде емес, күнделікті өмірде сақталуы керек. 

 Аталмыш акция адамдарды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және табиғатты құрметтеуге тәрбиелейді. Осындай игі істер көбейе берсе, болашақ ұрпаққа таза әрі көркем Қазақстанды қалдырамыз деп сенемін.
   
                 Ризангүл Атинова
           Ауданның мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT