«Таза Қазақстан» – ортақжауапкершілік

«Таза Қазақстан» акциясы халықты бір мақсатқа жұмылдыратын маңызды бастама. Қоршаған ортаның тазалығы тек мемлекеттік мекемелердің емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі болуы керек. Сондықтан мұндай акциялардың маңызы өте зор деп есептеймін.

 

Бұл шара адамдарға табиғатты қорғаудың маңызын түсінуге көмектеседі. Көшелердің, саябақтардың және қоғамдық орындардың таза болуы қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың денсаулығына да оң әсер етеді. Сонымен қатар, акция жастарды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. 

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік шара болып қалмай, күнделікті өмір салтына айналуы керек. Әр адам қоқысты белгіленген жерге тастап, айналасының тазалығына мән берсе, еліміз әлдеқайда көрікті әрі таза болар еді. Сондықтан мен бұл бастаманы толық қолдаймын және оның қоғам үшін пайдасы зор деп санаймын. 

 

                              Берік Биғалиев               №8 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT