Таза Қазақстан – ортақ жауапкершіліктің көрінісі

 Бизнесте ең алдымен тәртіп пен жауапкершілік бағаланады. Қоғамда да дәл солай. «Таза Қазақстан» акциясы маған осы ұстанымды еске салады.

Көрікті, жасыл әрі таза қалаға тұрғын да, қонақ та сүйсінеді. Мұндай ортада өмір сүруге де, еңбек етуге де ынта артады. Сондықтан тазалыққа жұмсалған әрбір күш – өңірдің болашағына салынған инвестиция. Бірақ бұл жерде қаржыдан бұрын ниет маңызды. Егер әр адам өз ауласын, өз көшесін таза ұстаса, үлкен өзгерістерге қол жеткізуге болады. «Таза Қазақстан» – бір күндік шара емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс бастама.

        Самал Сағадатқызы, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT