Қоршаған ортаның тазалығы әрбір адамның мәдениеті мен туған жерге деген құрметінің көрінісі. Осы бағытта жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы ауданымыздың көркеюіне, табиғатты қорғауға және экологиялық сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.
Акция аясында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаштар отырғызылып, табиғи аумақтарды сақтау жұмыстары жүргізілуде. Мұндай игі бастамалар тұрғындарды тазалыққа, ұқыптылыққа және табиғатқа жанашыр болуға үндейді.
Таза табиғат — болашақ ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау баршамызға ортақ міндет.
Гүлмира Балажанова


