«Таза Қазақстан» ортақ міндет

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы қоршаған ортаны қорғауға, ел аумағын таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, табиғатты қорғау, су айдындарының тазалығын сақтау және қалдықтарды сұрыптау бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде қолға алынуда.

Тазалық әр адамның ішкі мәдениетінің көрінісі. Сондықтан туған жердің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны таза ұстау баршамыздың ортақ парызымыз.

Жандарбек Калисов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT