Таза Қазақстан – қоғамның ортақ міндеті


      Тазалық – өркениетті қоғамның айқын көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау тек коммуналдық қызметтердің немесе мемлекеттік мекемелердің ғана міндеті емес, бұл – әрбір азаматтың туған жеріне деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің көрсеткіші. Осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан 
       Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, саябақтар, өзен-көл жағалаулары тазартылып, мыңдаған көшет отырғызылуда. Бұл жұмыстар елді мекендердің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын нығайтуға ықпал етеді. Туған жердің тазалығы әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Қоқысты арнайы орындарға тастау, табиғатты ластамау, жасыл желекті күтіп-баптау – қарапайым көрінгенімен, қоғам үшін маңызы зор игі істер.
        Таза қоршаған орта – дені сау ұлттың кепілі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысу – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігі.

                                             Дастан Мұратұлы, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT