Қоршаған ортаның тазалығы – елдің көркеюі мен халықтың денсаулығының басты кепілі. Осы мақсатта қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатты қорғауға, елді мекендерді таза ұстауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Тазалық тек сенбіліктерге қатысумен шектелмеуі керек. Әр адам көшеге қоқыс тастамауды, табиғатты аялауды және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды күнделікті өмірінің қағидасына айналдырғаны жөн. Осындай қарапайым әрекеттер қоғамда үлкен өзгерістерге жол ашады. «Таза Қазақстан» акциясы адамдарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Болашақ ұрпаққа көркем де таза табиғат қалдыру – баршамыздың азаматтық парызымыз. Сондықтан әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қосайық.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ, тілші



