«Таза Қазақстан» – болашаққа жасалғанқадам

 

Мен «Таза Қазақстан» акциясын өте пайдалы және қажетті жоба деп санаймын. Өйткені тазалық – адамның мәдениеті мен қоршаған ортаға деген құрметінің көрсеткіші. Бұл акция арқылы адамдар табиғатты қорғаудың маңызын тереңірек түсіне бастады. 

Меніңше, еліміздің таза әрі көрікті болуы әр азаматтың іс-әрекетіне байланысты. Егер әркім өз ауласын, көшесін және демалатын орындарын таза ұстаса, қоршаған орта әлдеқайда жақсарады. «Таза Қазақстан» акциясы осы жауапкершілікті халықтың санасына сіңіруге көмектеседі. 

Әсіресе, жастардың мұндай шараларға қатысуы маңызды. Себебі олар табиғатты қорғауды кішкентай кезінен үйренсе, болашақта экологияға жанашыр азамат болып қалыптасады. Сондықтан бұл акцияның қоғамға берері мол деп ойлаймын және оның жалғасын табуын қолдаймын. 

 

                           Тұрлан Сәденов

            Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы                

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT