«Таза Қазақстан» – болашақ үшін маңызды бастама

Табиғат – адамзаттың баға жетпес байлығы. Сондықтан оны қорғау мен таза ұстау – баршамыздың міндетіміз. Осы бағытта жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоғам үшін аса маңызды жобаға айналды.

Акция аясында елді мекендерде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындар қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуда. Мұндай шаралар адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, қоғамдық жауапкершілікті де нығайтады. Тазалыққа бейжай қарамау – өркениетті қоғамның белгісі. Әсіресе жас буынға экологиялық тәрбие беру маңызды. Өйткені табиғатты қорғау мәдениеті отбасынан және қоғамнан қалыптасады. «Таза Қазақстан» акциясы арқылы ел тұрғындары бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп келеді. Табиғатты аялау – келешек ұрпақ алдындағы аманат.

Нұрлыбек Қосжан, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT