Таза қала – жайлы өмір

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясы – қоғамға өте қажет бастама. Бұл акция адамдарды қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үндейді. Көшелерді, саябақтарды және қоғамдық орындарды тазалау арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарады. 

Сонымен қатар, мұндай шаралар жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, елге деген жанашырлық сезімін қалыптастырады. Меніңше, тазалық тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы керек. 

Әр азамат өз ауласын, көшесін таза ұстаса, еліміз көркейіп, экологиялық жағдай да жақсара түседі. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты да – қоғамда экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту. 

 

                                    Мұрат Тыныштықұлы

                          Аудандық №5 спорт мектебінің директоры                

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT