«Таза Қазақстан» – қоғамды ортақ іске жұмылдыратын жақсы бастама.
Тазалық жұмыстары мен сенбіліктер барысында тұрғындардың бірлесіп еңбек етіп, өз аумағына жанашырлықпен қарайтынын көруге болады. Қала тазалығы тек коммуналдық қызметтердің жұмысы емес, бұл – барлығымызға ортақ міндет.
Егер әр адам қоқысты арнайы орынға тастап, қоғамдық орындарға ұқыпты қарап, табиғатты ластамауға тырысса, қоршаған орта да таза болады. Өз үйімізді қалай таза ұстасақ, тұратын қаламызға да сондай көзқарас танытуымыз керек. Тазалық мәдениеті қалыптасқан жерде тәртіп пен жауапкершілік те жоғары болады.
Нұрлан Қанатов



