Таза қала – мәдениетті қоғамның айнасы

Қаланың тазалығы коммуналдық қызметтің жұмысымен ғана өлшенбейді. Ол сол жерде өмір сүретін тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші болып табылады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясының маңызы қоршаған ортаны тазалаумен ғана шектелмейді.
    Өркениетті қоғамда адамдар қоғамдық орындарды өз үйіндей көреді. Олар қоқысты арнайы орынға тастап, табиғатқа жанашырлықпен қарайды. Мұндай әдеттер қоғамның жалпы мәдени деңгейін көрсетеді. Таза көшелер, жасыл саябақтар мен күтімді аулалар адамдардың өмір сүру сапасына оң әсер етеді. Сонымен қатар елдің туристік тартымдылығын арттырып, жағымды имидж қалыптастырады. «Таза Қазақстан» акциясы – тек сенбілік емес, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған бастама. Әр азамат тазалықты өзінен бастаса, еліміздің әр қаласы мен ауылы көркейіп, Қазақстан шын мәнінде таза әрі жайлы мемлекетке айналады.
 
Ержан Алпанов, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT