«Таза Қазақстан» аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жастар үшін де тәрбиелік мәні зор.
Қоршаған ортаны қорғау, туған өлкені таза ұстау – әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді. Кейде бір адамның жасаған кішкентай әрекетінің өзі маңызды екенін ескере бермейміз.
Бір адамның қоқыс тастамауы, бір ауланың тазалануы, бір көшенің абаттандырылуы – жалпы қаланың көркіне әсер етеді. Сондықтан тазалық шараларына тек арнайы акция кезінде емес, күнделікті өмірде де атсалысу қажет. Өзімізден бастап, айналамызға үлгі болсақ, таза әрі жайлы ортаны бірге қалыптастыра аламыз.
Ілияс Махмудаев



