Таза қала біздің келбетіміз

Бизнес өкілі ретінде бұл экологиялық бағдарламаны зор ықыласпен қолдаймын.

Біз өз мекемеміздің айналасын ретке келтіріп, заманауи қоқыс жәшіктерін орнаттық. Таза қала мен реттелген инфрақұрылым кез келген бизнестің дамуына және туристерді тартуға оң әсер етеді. Сондай-ақ қызметкерлерімізбен бірге сенбіліктерге тұрақты түрде шығып тұруды дәстүрге айналдырдық. Тазалық заңдары мен ережелерін сақтау — әрбір кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі болуы керек. Еліміздің гүлденуіне әрбір мекеме өз үлесін қосса, мемлекетіміз бұдан да көркейе түспек.

Л.Қасымова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT