Таза қала-біздің болашағымыз

Тазалық жұмыстарының ауқымын кеңейту – ауданның сыртқы келбетін жақсартумен қатар, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Көшенің таза болуы, қоқыстың уақытылы шығарылуы, қоғамдық орындардың жинақылығы – мұның барлығы елді мекеннің өркениетті деңгейін көрсететін маңызды факторлар.

«Таза Қазақстан» акциясының тағы бір ерекшелігі – тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруында. Бірі ауласын ретке келтірсе, енді бірі көшені таза ұстауға атсалысады. Жастар мен еріктілер де экологиялық бастамаларға белсенді араласса, мұндай жұмыстардың нәтижесі еселене түседі.

Жылыойдың табиғаты мен елді мекендерінің тазалығын сақтау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Біз бүгін тазалыққа мән берсек, ертең балаларымызға таза әрі жайлы орта қалдырамыз.

Сейілхан Бекжігіт

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT