«Таза Қазақстан» акциясы – баршамызды табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейтін игі бастама.
Соңғы уақытта елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Мұндай жұмыстардың нәтижесі әрбір елді мекеннің тазалығынан, көшелердің көркеюінен және тұрғындардың белсенділігінен байқалады. Әсіресе, жалпықалалық сенбіліктердің ұйымдастырылуы өте орынды деп есептеймін. Себебі мұндай шаралар адамдарды бір мақсатқа біріктіріп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Дегенмен тазалықты тек арнайы акциялар кезінде ғана сақтау жеткіліксіз. Қоқысты бейберекет тастамау, үй жанындағы аумақты күтіп ұстау, жасыл желектерді бүлдірмеу әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс.
Қаланың таза болуы – тек коммуналдық қызметтердің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан осындай бастамалар жалғасын тауып, тұрғындардың экологиялық сауаттылығы арта берсе екен деймін.
Мөлдір Қуандықова




