«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының маңызы зор. Себебі қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Таза әрі көрікті қалада өмір сүру барлығымызға ұнайды.
Бүгінде елімізде қоршаған ортаны қорғау, көшелерді тазарту, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды абаттандыру бағытында көптеген игі бастамалар жүзеге асырылуда. Мұндай жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы – туған жерге деген құрметтің белгісі. Әсіресе, өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін үйретудің маңызы ерекше. Балалар табиғатты аялауды, қоқысты кез келген жерге тастамауды, айналасын таза ұстауды отбасынан және қоғамнан үйренуі тиіс. Туған жеріміздің көркеюі әрқайсымыздың қолымызда. Сондықтан барша тұрғындарды тазалық акцияларына белсенді қатысып, қаламыздың таза әрі жайлы болуына үлес қосуға шақырамын. Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі!
Айнагүл Дарменова




