«Таза Қазақстан» – ел дамуының маңызды бағыты

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Бұл жоба қоғамның қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, әр азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластануы, қоқыс қалдықтарының көбеюі және табиғи ресурстардың азаюы бүкіл әлем үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір адамның міндеті болуы керек. 

Бұл тұжырымдаманың тағы бір ерекшелігі – оның тәрбиелік мәнінде. Тазалыққа мән беретін адам өз ісіне де жауапкершілікпен қарайды. Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, ағаш отырғызу сияқты қарапайым әрекеттер қоғам мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан бұл бастама жастарды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және туған жерін құрметтеуге тәрбиелейді.

Сонымен бірге, «Таза Қазақстан» экологиялық мәселелерді шешуге нақты үлес қоса алады. Қалалар мен ауылдардың көркеюі, жасыл аймақтардың көбеюі, өзен-көлдердің тазалануы халықтың өмір сүру сапасын жақсартады. Таза ортада өмір сүретін адамдардың денсаулығы да жақсы болады, ал бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік дамуына оң әсер етеді.

 «Таза Қазақстан» – табиғатты қорғауға, қоғамдық мәдениетті арттыруға және елдің болашағын жақсартуға бағытталған маңызды тұжырымдама. Оның басты мақсаты – таза қоршаған орта қалыптастыру ғана емес, жауапты әрі саналы қоғам құру. Сондықтан бұл бастаманы қолдау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

Айбек Амангелдин

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT