«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және еліміздің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама.
Бұл акцияның маңызы өте зор. Себебі тазалық – тек көшені сыпырып, қоқысты жинаумен шектелмейді. Ол – әрбір адамның туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің көрінісі. Туған жеріміздің таза, көрікті әрі жайлы болуы ең алдымен өзімізге байланысты. Сондықтан әрбір тұрғын тазалықты өз үйінің ауласынан, көшесінен бастауы керек. Қоқысты кез келген жерге тастамау, ағаш отырғызу, жасыл желектерді күтіп-баптау, қоғамдық орындарды таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әсіресе, өскелең ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру қажет. Балалар тазалықты үлкендерден үйренеді. Егер біз оларға қоршаған ортаны аялауды кішкентай кезінен үйретсек, болашақта табиғатқа жанашыр, жауапкершілігі жоғары азаматтардың қалыптасуына ықпал етеміз.
Сенбіліктерге қатысып, ауланы абаттандыру, көшелерді таза ұстау – барлығымызға ортақ іс. Тазалық жұмыстары тек арнайы акция кезінде ғана емес, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек.
Табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы парызымыз. Әр адам өзінен бастап, айналасына жанашырлықпен қараса, еліміздің әрбір өңірі көркейіп, өмір сүруге қолайлы мекенге айналады.
Таза Қазақстан – баршамызға ортақ жауапкершілік! Туған жерімізді таза ұстап, табиғатымызды аялайық!
Сауле Қылышбаева




