«Таза Қазақстан» – тек жалпыхалықтық тазалық шарасы емес. Бұл – болашаққа жасалған қадам, еліміздің табиғи байлығын сақтап қалу үшін әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыруды мақсат ететін ауқымды жоба.
«Таза Қазақстан» акциясы тек қоқыс тазалау емес, ол қоғамды экологиялық тұрғыдан жаңғырту, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру, экологиялық білім беру үдерісі. Осы арқылы біз экологияға деген көзқарасымызды өзгертіп, әрбір азаматтың өмір сүру сапасын арттырамыз. Экологиялық мәдениет – бұл біздің болашағымызды сақтаудың кепілі.
Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» акциясына бүкіл ел белсене қатысып отыр. Әрбір өңірде қоқыс тазарту жұмыстары, ағаш отырғызу акциялары, табиғатты қорғауға арналған түрлі шаралар өткізілуде. Ел тұрғындары бірлесе отырып, қалалар мен ауылдардағы экологиялық проблемаларды шешуге өз үлестерін қосып жатыр.
Қазіргі уақытта әрбіріміз өз үлесімізді қосып, табиғатқа құрметпен қарауымыз қажет. Мемлекетпен бірлесе отырып, «Таза Қазақстан» жобасы арқылы біз өз елімізді таза, қауіпсіз және экологиялық жағынан тұрақты ете аламыз.
Ақгүл Кетебаева




