ТАЗА ЕЛ – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, туған жеріміздің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама.

Тазалық – әрбір адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Сондықтан бұл акцияға тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де белсенді атсалысуымыз қажет. Әр тұрғын өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленген орындарға тастап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, қаламыздың көркі арта түседі. 

Біздің мақсатымыз – келешек ұрпаққа таза, көрікті әрі жайлы қала қалдыру. «Таза Қазақстан» акциясы баршамызды бірлікке, жауапкершілікке және туған жерге деген сүйіспеншілікке үндейді. Тазалық әрқайсымыздың өз үйімізден, өз ауламыздан басталуы тиіс.

Мөлдір Сұлтанқызы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT