Таза ел – мәдениетті қоғам

 

«Таза Қазақстан» акциясын өте қажет бастама деп есептеймін. Себебі тазалық тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі болуы керек. Кейде көшеде немесе демалыс орындарында қоқыстың шашылып жататынын көреміз. Мұндай жағдайлар адамдардың қоршаған ортаға деген немқұрайлы көзқарасын көрсетеді.

 Ал осы акция тұрғындарды тазалық сақтауға үндеп, табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіреді. Бір күндік сенбілікпен шектелмей, күнделікті өмірде тазалық мәдениетін қалыптастырсақ, нәтижесі әлдеқайда тиімді болады. 

 Таза көше, таза аула, таза табиғат – өркениетті қоғамның айнасы. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясына әр азаматтың белсенді қатысуы маңызды деп ойлаймын.

        Ақбөбек Сәттіғұлқызы

Аудандық орталық аурухананың фтизиатрия бөлімінің меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT