Таза ел – ұлт келбеті

Мен үшін «Таза Қазақстан» акциясы – тек қоқыс жинау немесе аумақтарды тазарту шарасы емес, ол әр адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсететін бастама.

Қоршаған ортаның тазалығы тек мемлекеттің немесе арнайы қызметтердің міндеті емес, ол әрбір азаматтың жауапкершілігі деп ойлаймын. 

Қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі өте өзекті. Сондықтан мұндай акциялардың өткізілуі адамдардың экологиялық санасын арттыруға көмектеседі. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы қуантады, себебі олар болашақта қоршаған ортаға ұқыпты қараудың үлгісін қалыптастырады. 

Меніңше, еліміздің таза әрі көрікті болуы үлкен жобалардан емес, әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Қоқысты арнайы орынға тастау, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды таза ұстау сияқты қарапайым істердің өзі үлкен өзгеріске жол ашады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясын пайдалы әрі қоғам үшін маңызды бастама деп бағалаймын. 

 

                                           Думан Мұратұлы

                                 Аудандық мешіттің бас имамы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT