«Таза Қазақстан» акциясы халық арасында тазалық мәдениетін нығайтып қана қоймай, экологиялық мәселелердің алдын алуға да ықпал етеді.
Қоқыстың азаюы қоршаған ортаның ластануын төмендетіп, тұрғындардың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Әсіресе жастардың осындай игі шараларға белсенді қатысуы қуантады. Өйткені табиғатты қорғау – бүгінгі буынның ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы да жауапкершілігі. Сондықтан әрқайсымыз тазалықты сақтауды күнделікті әдетке айналдыруымыз керек.
Шыңғыс Манасов



