Таза ел боламыз

             «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы — еліміздің болашағы үшін жасалған өте маңызды әрі дер кезінде қолға алынған бастама.

Бұл жоба тек көшелерді қоқыстан тазарту емес, халықтың экологиялық мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Саябақтарды, аулаларды және табиғи су айдындарын тазарту жұмыстарына мыңдаған белсенді азаматтар мен жастардың өз еркімен қатысуы көңіл қуантады. Мұндай шаралар қоғамда ұйымшылдық пен туған жерге деген шынайы жанашырлық сезімін оятады.
Алайда, тазалық акциялары бір күндік науқанға айналып кетпей, әрбір тұрғынның күнделікті әдетіне айналуы тиіс. «Тазалық бар жерде ғана береке болады» деген қағиданы әр азамат өз ауласынан бастап іске асыруы қажет. Қоқысты сұрыптап тастау мәдениетін дамыту және пластик қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін мемлекеттік деңгейде тереңірек қолға алу керек деп есептеймін. Сонымен қатар, табиғатты ластаушыларға берілетін жаза мен айыппұл көлемін әлі де қатайта түскен жөн. Ортақ үйіміздің тазалығына тек билік қана емес, әрбір қазақстандық тікелей жауапты. Осы игі жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарды толық қолдаймын және оның ары қарай тұрақты жалғасын тапқанын қалаймын. Еліміздің әрбір аймағы таза әрі жасыл желекке бөркенсе, бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына салынған ең үлкен инвестиция болады.

Айсана Жаңабаева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT