Таза ел – берекелі өмір

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясы адамдарды табиғатты құрметтеуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Кейде біз тазалықты тек арнайы қызметтердің жұмысы деп қабылдаймыз, алайда таза орта әр адамның әрекетіне байланысты. 

Бұл акцияның ерекшелігі – адамдарды ортақ іске жұмылдыруында. Бірге еңбек етіп, көшелер мен қоғамдық орындарды тазарту арқылы азаматтар қоғамға пайдалы іс атқарады. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастарға жақсы үлгі көрсетеді. 

Мен «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің көркеюіне ғана емес, адамдардың санасының өзгеруіне де ықпал етеді деп есептеймін. Әркім өз айналасын таза ұстаса, Қазақстан әлдеқайда таза, әдемі және жайлы елге айналады. Сондықтан бұл бастамаға қолдау көрсету маңызды деп санаймын. 

   

                                     Индира Мамбетиязова

             «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT