«Таза Қазақстан» акциясы – қоғам үшін өте маңызды әрі уақыт талабына сай бастама деп есептеймін. Себебі қоршаған ортаның тазалығы тек табиғаттың көркі ғана емес, адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді.
Соңғы уақытта еліміздің әр өңірінде тазалық жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын көріп жүрміз. Бұл тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етуде.
Меніңше, акцияның басты жетістігі – халықты ортақ мақсатқа жұмылдыруында. Тазалық жұмыстарына жастардың, еңбек ұжымдарының, еріктілердің және қарапайым тұрғындардың белсенді қатысуы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашып отыр. Мұндай шаралар арқылы адамдар табиғатты қорғаудың маңызын тереңірек түсіне бастады.
Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы бүгінгі қоғамға аса қажет бастама деп санаймын. Бұл жоба қоршаған ортаны жақсартумен қатар, адамдардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Таза әрі көрікті Қазақстанды қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әркім өз үлесін қосқанда ғана бұл бастама өзінің нақты нәтижесін береді.
Берік Биғалиев
№8 жалпы орта білім беретін мектептің ұстазы


