«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны тазартумен ғана шектелмей, әр адамның туған жеріне деген жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама деп ойлаймын.
Тазалық – ең алдымен өзімізден басталады. Көшеге қоқыс тастамау, аула мен айналаны таза ұстау, ағаш отырғызу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі ортақ ортаға үлкен әсер етеді.
Меніңше, «Таза Қазақстан» әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы керек. Себебі таза қала мен таза табиғат – бәрімізге ортақ. Бүгінгі тазалық – келешек ұрпаққа қалдырар жақсы үлгіміз.
Бағытжан Достанов
Жеке кәсіпкер




